• Kantar BrandZ China 2024 премиясын табыстауға арналған бағалау нәтижесі бойынша Chery «Жаһандық нарыққа шыққан Қытай брендтері ішіндегі жаңашыл бренд» деп танылды. Премия алты өнеркәсіп саласын қамтиды және олардың әрқайсысы бойынша тек қана бір бренд марапатталды.
  • Бұл марапат – Chery компаниясының технологиялық инновацияларға, зерттеулерге және өнімді әзірлеуге құйған тұрақты инвестициясының жемісі. Компания әртүрлі елдер мен өңірлердегі пайдаланушылар үшін ең қолайлы жоғары сапалы шешімдерді ұсыну үшін бүкіл әлем бойынша сегіз ғылыми-техникалық орталық пен 300-ден астам зертхана ашты.
  • Chery өнімді жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестендіріп, өнімнің бейімделгіштігі мен бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етіп, нарықтағы әртүрлі қажеттіліктерді қанағаттандыратын автокөліктерді ұсына отырып, әлемге өзін мойындатты.

2024 жылы 10 қыркүйекте Шанхайда Kantar BrandZ China 2024 премиясының нәтижесін жариялауға арналған, 1000-нан астам бренд жасаушылардың, қаржы басшылары мен әлемдік жетекші БАҚ өкілдерінің басын қосқан салтанатты іс-шара өтті. Қытайдың автокөлік өндірушілері ішінде жаһанды жаулаудан көшбасшы болған Chery автокөлік саласы бойынша «Жаһандық нарыққа шыққан Қытай брендтері ішіндегі жаңашыл бренд» ("Pioneering Chinese Global Brand) деп танылды. Бұл марапат әлемдік автокөлік өнеркәсібіндегі компания рөлінің маңыздылығын көрсетеді.

chery

chery

Kantar BrandZ China 2024 премиясында жаһандану жағдайында әртүрлі салаларда үздік нәтижеге қол жеткізген брендтердің аты аталып өтті. «Жаһандық нарыққа шыққан Қытай брендтері ішіндегі жаңашыл бренд» номинациясында алты өнеркәсіп саласы ұсынылды және олардың әрқайсысы бойынша тек бір бренд марапатталды.

Жаһандану аясында көптеген Қытай брендтері халықаралық нарықтарға қарқынды түрде еніп жатыр. Бұл іс-шарада марапатқа ие болған жалғыз автокөлік бренді болған Chery өзінің тәжірибесі мен әлемдік нарықтағы елеулі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар халықаралық деңгейге шығуды көздейтін қытайлық автомобиль брендтері үшін жаңа эталон болды. Kantar BrandZ премиясы бүкіл әлем бойынша Chery-дің тұрақты өсуі мен инновациялық жетістіктерін көрсетті, нәтижесінде бренд жоғарыда аталған атаққа ие болды, бұл Chery-дің жаһандану стратегиясы мен өнімнің жоғары сапасын толық растайды.

3

Chery өз қызметін жаһандық нарықта белсенді дамытып отыр және әртүрлі өңірлердегі 80-нен астам елге өз өнімді экспорттайды, бұл ретте сатылым екі таңбалы өсімді көрсетеді. Жаһандық ғылыми-техникалық орталықтар мен жергілікті өндірістің нарықтық стратегияларына сүйене отырып, Chery халықаралық аренада Қытай автокөлік брендтерінің жаңа имиджін құра отырып, бүкіл әлем бойынша тұтынушылардың сенімін ақтап, өзін мойындатты.

Бұл марапат – Chery компаниясының технологиялық инновацияларға, зерттеулерге және өнімді әзірлеуге құйған тұрақты инвестициясының жемісі. Компания әртүрлі елдер мен өңірлердегі пайдаланушылар үшін ең қолайлы жоғары сапалы шешімдерді ұсыну үшін бүкіл әлем бойынша сегіз ғылыми-техникалық орталық пен 300-ден астам зертхана ашты. Chery өнімі түрлі жағдайға: Оңтүстік Американың таулы аймақтарына да, Оңтүстік-Шығыс Азияның жаңбырлы климатына да немесе Таяу Шығыстың ыстық өңірлеріне де бейімделеді. Бұл жаһандық тұтынушылардың әртүрлі қажеттіліктерін қанағаттандыратын айрықша бейімделгіштігі мен беріктігін көрсетеді.

Chery жаһандану процесінің негізгі ойыншысы болып табылады және өндірістегі инновациялармен белсенді жұмыс істейді. Компания сонымен қатар әр нарықтағы түбегейлі жергілікті өндірісті ұйымдастыру стратегияларын жүзеге асырады. Бұл дегеніміз Chery компаниясының жергілікті жерлерде орналасқан өндірістік, ғылыми-зерттеу және сауда желілерін құратынын, соның арқасында компанияның өнімдері мен қызметтері түрлі елдердегі тұтынушылардың талаптарына өте жақсы сәйкес келетінін білдіреді. Бұл стратегия Chery компаниясының шетелдік нарықтарға сәтті шығуына және Қытай автокөлік брендтерінің халықаралық нарыққа әсерін нығайтуға мүмкіндік берді.

Chery автокөліктерінің шетелдік нарықтарға экспорты жалпы сатылымның шамамен 50% құрады, бұл компанияның 21 жыл қатарынан Қытайдың жетекші жеңіл автокөлік экспорттаушысы мәртебесін сақтап қалуына мүмкіндік береді. Жаһандық деңгейде Chery «Дамудың үш бағыты» стратегиясын ұстанады, бұл жергілікті заңнаманың талаптарына дендеп икемделуді, өнімнің үйлесімділігін жақсартуды және нарықтағы түрлі қажеттіліктерді қанағаттандыратын өнімдерді жасау мақсатында бәсекеге қабілеттілікті арттыруды қамтиды. Жаңа энергея көзімен жүретін көлік құралдарын да, дәстүрлі іштен жану қозғалтқышымен жүретін автокөліктерді де қамтитын осы икемді әрі кешенді стратегияның арқасында Chery халықаралық аренада кеңінен танылды.

Өнімдер мен технологиялар саласындағы үздіксіз инновацияларын айтпағанда, Chery өзінің корпоративтік әлеуметтік міндеттемелерін белсенді түрде орындап, «Қай жерде болса, сол жерге» (In somewhere, For somewhere) жаһандық тұжырымдамасын ұстанады. Әрбір нарықта Chery жергілікті өндірісті ұйымдастыру және таланттарды дамыту арқылы жергілікті экономиканың дамуына өз үлесін қосып келеді. Компания «Жаһандық беделі керемет үздік 20 компания» (Top 20 Best Overseas Image Enterprises) рейтингінде бес рет атап өтілді және Google-дың Kantar компаниясымен бірлесіп жариялаған «2024 жылғы Қытайдың әлемдік деңгейдегі үздік 50 бренді» рейтингінде автокөлік өндірушілері арасында бірінші орынды иеленді.

4

«Жаһандық нарыққа шыққан Қытай брендтері ішіндегі жаңашыл бренд» номинациясындағы марапат – бұл Chery-дің өткен жаһандық жетістіктерін мойындау ғана емес, сонымен қатар әлемдік автокөлік өнеркәсібін дамыту саласында компанияның көшбасшылар қатарында болатынына артылған үміт. Болашаққа бет ала отырып, Chery өзінің жаһандану стратегиясын жүзеге асыра береді және технологиялық инновациялар мен өнімді жетілдіру арқылы ол Қытай автокөлік брендтерінің әлемдік нарықтағы ықпалы мен бәсекеге қабілеттілігін біртіндеп күшейтіп, жаһандық тұтынушылар үшін керемет мобильділік тәжірибесін ұсынады.

Сайт cookie файлдарын пайдаланады. Осы сайтты пайдалану арқылы сіз cookie файлдарын пайдалануға және жеке деректеріңізді өңдеуге келісіміңізді растайсыз.

Менің таңдауларымды орнатыңыз